Осыдан тура бір жеті күн бұрын, жоқ жерден іш-құрылысым түйнеп, дөңбекшім бір орнымда тұра алмай кеттім. Жедел жердем қызметі дереу Сарысу аудандық ауруханасына жеткізді. Сол сынаққа толы күні білікті дәрігер Маханбет Жұматаев шұғыл профилактикалық зерттеу шараларын қолға алып, соқырішек диагнозы екенін тап басып анықтады. Осылайша сол мезетте ота үстелінен табылдым.
«Бәрі бір Алладан – біз себепшіміз» деген. Ота сәтті өтті. Ертесіне жан сақтау бөлімінде ес жидым. Өзің жақсы болсаң, алдыңнан үнемі жақсы адамдар жолығатыны – өмірдің жазылмаған заңы. Мұнда да дәрігер анестезиолог-реаниматоллог Еркін Шегетайұлы қажетті ем-домын жасап, жалпы палатаға ауыстым. Қазіргі ахуалым қанағаттаралық.
Осы ретте қиын сәтте шыбын жыныма араша түскен, антына адал ақ халатты азаматтарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Көңіл – көңілден су ішеді емес пе? Ауырмаңыздар!..
Гүлбану БАУБЕКОВА,
«Сарысу» аудандық газетінің дизайнері
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




