Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен негізгі ережелерін насихаттау мақсатында, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 және 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» №88-V Заңдарын, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №39/НҚ бұйрығын, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» №7-1/68 бұйрығын және 2015 жылғы 21 мамырдағы «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №7-1/453 бұйрығын басшылыққа алады.
Ветеринария басқармасы осы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің негізінде келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қағаз және электронды түрде «Электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырады, атап айтқанда:
- ведомстволық бағынысты ұйымдардың тарапынан:
1) «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
2) «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
- ветеринария басқармасының тарапынан:
3) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
Ветеринария саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 83 үй мекен-жайына хабарласуға болады.
Байланыс телефоны: 45-15-65.
Жауапты маман: Қадір Әсел Бақытжанқызы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді