Жаңалықтар
25 мамырда шетел азаматтарына көші-қон желісі бойынша кейбір қызметтер қолжетімсіз болады
- author «Ақ жол»
- 24 мамыр, 2024
- 1.3k
Құзырлы органның тарапындағы ақпараттық жүйелерде жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сенбі күні шетелдік азаматтарға кезекші ХҚКО-лар мен көші-қон қызметтері орталықтарында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
Сондықтан, 25 мамыр күні келесі мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз:
- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру;
- Еңбекші иммигрантына рұқсат беру, мерзімін ұзарту және кері қайтарып алу;
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру.
Бұл қызметтерді көрсету 27 мамырда қайта жанданатын болады.
"Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




