
Тараз қаласының аумағында Әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі қаулылардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету және төленбеген айыппұлдар бойынша борышкерлерді анықтау мақсатында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында құзырлы орган өкілдері автокөлік жүргізушілеріне салынған әкімшілік айыппұлдардың төленген-төленбегенін жіті тексеруде. Айта кетейік, бұл күндері тәртіп сақшылары темір тұлпарды тізгіндегендермен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, айыппұлдарын өз еркімен төлеуден жалтарған азаматтар анықталған жағдайда, олардың көліктерін айыптұраққа қоюда.
– Іс-шара кезінде патрульдік полиция қызметкерлері тиісті мәліметтер базасы бойынша автокөліктердің нөмірлеріне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Егер жүргізуші борышкерлер тізімінен табылса, көлік құралы қарызды өтегенге дейін айыппұл тұрағына қойылады. Азаматтар айыппұлдары бар-жоғын Egov.kz электрондық үкімет порталының көмегімен және екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде тексере алады. Сондай-ақ, өздеріне салынған айыппұлдарды мобильді қосымшалардағы «Gamqor.gov.kz., Kaspi.kz пен Egov.kz интернет-сайттары арқылы онлайн төлем жасау арқылы төлеулеріне болады, – дейді Тараз қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Рысбек Картемишов.
Айта кетейік, осы жылдың 4 айында Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтары тарапынан жасалған 65 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық іс-құжаттары тіркелген. Оның ішінде, 23 мың хаттамаға сәйкес, азаматтарға 223 миллион теңгеге жуық қаражатты құрайтын айыппұл салынған. Ал, есепті кезеңде айыппұлды өндіру көлемі 72,1 пайызды құрайды.
Талап пен тәртіп
Ұқсас жаңалықтар
Батагөйлер байқауы Қордайда өтеді
- 3 маусым, 2025
Тараздың ақ халуасы еліміздің барлық өңірлерінде сатылады
- 3 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді