Облыс әкімі әуелі өңірдегі мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, ардагерлер мен өнер майталмандарының еселі еңбегін атап өтті.
– Мемлекет басшысы мәдениет саласын әрдайым басты назарда ұстап, барынша қолдау көрсетіп келеді. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болатыны сөзсіз. Аймақта мәдениет саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде 17 мәдениет нысанының құрылысы жүруде. Оның сегізі биыл, қалған тоғызы осы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы жылы бірқатар мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Бұл жұмыстар мәдениетті дамытуға, саланың материалдық-техникалық базасын жаңартуға оң септігін тигізері анық.
Сіздерді айтулы күнмен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шығармашылық шабыт пен отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, – деген облыс әкімі мәдениет қызметкерлерінің алдында жауапты міндеттер тұрғанын баса айтты.
Сонымен бірге, облыс әкімі халықаралық жарыстар мен фестивальдерде топ жарып, облыс намысын асқақтатқан өнер иелерінің жетістіктеріне тоқталды.
Басқосу барысында А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының артисі Асқарбек Сейілхан, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншісі Асылхан Шүңіреков өз ойларын ортаға салып, мәдениет қызметкерлері атынан ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар сала ардагерлері мен өнер майталмандары Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, қаржылай сертификаттарға ие болды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді