Amanat партиясының Мойынқұм аудандық филиалы партияның облыстық конференциясы алға қойған басты мақсаттар мен міндеттерді орындап, жаңа бастамаларға ұмтылып келеді. Партиялық жұмыстың негізгі қағидалары жетілдіріліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік серпін беруде. Партияның қазіргі жұмысы жауапкершілік, сапалық, есептілік және ашықтық қағидаттарына негізделгенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Партияның аудандық филиалына қарасты 19 бастауыш ұйымдағы 78 партиялық топтың қатарында ерік-жігері мол, еліне адал қызмет атқарып жүрген 3088 партия мүшесі есепте тұр. Өткен жылдың 10-18 тамыз аралығында Amanat партиясы аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтіп, жетекшілердің 2021-2023 жылдар аралығында атқарған жұмысы туралы есептері тыңдалды. Есеп беру жиындары бұқаралық ақпарарт құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты жарияланып отырды.
Баршаға мәлім, 2022 жылдың 1 наурызында партияның кезектен тыс ХХІІ съезі өтіп, «Нұр Отан» партиясы Amanat деген жаңа атауға ие болды. Ал, 26 сәуірде өткен партияның кезектен тыс XXIII съезінде Amanat партиясының жаңа төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды. Партия саяси трансформацияға бет бұрып, Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум, Президент сайлауы, барлық деңгейдегі депутаттардың сайлауы өткізілді. Аталған шаралар ауданымызда партия мүшелерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Қазіргі құрамдағы облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына Amanat партиясынан ұсынылған 9 үміткердің 8-і депутаттық мандатқа ие болды. Бұл біздің ортақ жеңісіміздің айқын дәлелі десек те болады.
Бүгінде қоғамдық қабылдау партияның халықпен кері байланысының басты құралына айналды. Жыл басынан бері партия аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 45 қабылдау өткізіліп, 167 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің 104-і (62,3 пайызы) оң шешімін тапса, ал қалған 63 өтініш заң аясында түсіндірілді. Аудан әкімінің және жергілікті атқарушы орган басшылары, мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдау кестесі филиалдың ресми парақшасында жарияланып, белгіленген мерзімде өткізіліп келеді. Былтырғы жылы өткен сайлау науқанында аудан сайлаушыларынан 55 аманат, ұсыныс-тілектер түскен болатын. Аманат-тілектердің орындалуын бақылау бөлінісі жасалып, аудандық мәслихат депутаттарына бекітіліп берілді. Бүгінгі күнге осы аманаттардың 81 пайызы, яғни 47-сі орындалып, қалған 8-і орындалу үстінде.
Президент жарлығына сәйкес бүгінде ауыл әкімдерін сайлау халықтың құзыретіне беріліп, олар жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесімен сайлануда. Биыл Мыңарал ауылдық округі әкімі лауазымына Amanat партиясынан үміткер ұсынылып, оны қолдауға арналған үгіт-насихат жұмыстары бекітілген желілік кестеге сәйкес жүргізілді. Үгіт-насихат кезеңінде зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар, ауыл тұрғындары мен білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесулер, «есіктен – есікке» акциясы, онлайн іс-шаралар ұйымдастырылып, сайлау округіндегі мекеме, кәсіпорындар және сайлаушылар толық қамтылды. 11 ақпан күні сайлау қорытындысы бойынша Amanat атынан ұсынылған кандидат Тілеш Аманжолов айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Жақында Amanat партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXIII конференциясы өтті. Конференция жұмысына делегаттар, саяси кеңестің, депутаттық фракцияның мүшелері және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Конференцияда партия аудандық филиалының 2023 жылы атқарған жұмысы және 2024 жылғы міндеттері туралы филиал төрағасының есебі тыңдалды. 29 наурызда Тараз қаласында өткен бастауыш партия ұйымы төрағаларының алғашқы форумына аудан делегациясы толық құрамда қатысып, белсенділік танытты. Филиалдың жұмыс жоспарына сәйкес ақпан айында партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы мен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Жиында көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының есебі және ішкі партиялық тәртіпті сақтау, партия мүшелерінің жауапкершілігі мен мүшелік жарналарды уақытылы төлеу бойынша «Тәлімгер» бастауыш партия ұйымы төрағасының есебі тыңдалды. Ал, наурызда өткен фракция отырысында Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан салық, құрылыс, бюджет кодекстеріне және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамаларға енгізіліп жатқан өзгерістерді талқылау, көктем мезгілінде өңірлерде су тасқынының алдын алу, құрғақшылықпен күрес, егістікті сумен қамтамасыз ету, көктемгі егіс-дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты аудан әкімдігінің қаржы, сәулет және құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшылары мен аудандық кірістер басқармасы бастығының хабарламалары тыңдалып, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Төлеубеков есеп берді.
2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, оның игілігін барша халық көруі керек деген еді. Осыған орай, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша берілген тапсырманы орындау шеңберінде Amanat партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» жобасы іске қосылды. Аталған жоба біздің ауданда да табысты іске асырылып келеді. Былтыр 350 адамның орнына 396 адам арнайы курстан өтіп, «Қарызсыз қоғам» жобасы биыл да жалғасын табуда. Тараз қаласынан арнайы келген бизнес-тренерлер аудандағы екі ауылдық округтің тұрғындарына қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде Мойынқұм және Хантау ауылдарының 94 азаматы сертификатқа ие болды.
Бүгінде қоғамдық бақылау шаралары уақыт талабына айналды, осы орайда партиялық бақылау жұмыстары жанданып келеді. Су тасқынының алдын алу бойынша партия аудандық филиалы бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшыларымен бірлесіп, ақпан және сәуір айының басында ауданның су бөгеттеріне, каналдарына екі рет зерделеу жұмыстары жүргізілді. Балалар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сәуірде Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицей, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы, Тұрар Рысқұлов атындағы тірек мектебі, Абай және Амангелді атындағы орта мектептер асханаларының жағдайы, олардағы балалардың ыстық тамақпен қамтылу барысы зерделеніп, анықталған кемшіліктер бойынша білім бөліміне ұсынымдар жолданды.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының жұмысына да партиялық бақылау шаралары тұрақты жүргізілуде. Бірлік және Айдарлы ауылдарындағы мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары, Айдарлы ауылындағы спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы, Қарабөгет ауылындағы 80 орындық жаңа мектеп, Хантаудағы ауыз су құбыры құрылысының жұмыстары зерделеніп, тиісті ескертпелер берілді.
Қоғамдық саяси шаралардың желілік кестесіне сәйкес, ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың туған күніне, Алғыс айту күніне, Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты шаралар мен қайырымдылық жұмыстары ұйымдастырылып, «Ауылына қарап, азаматын таны» экологиялық акциясы аясында саябақтарға талдар отырғызылып, аулалар қоқыстан тазартылды.
Партия халықпен кері байланысты әлеуметтік желілер арқылы да белсенді жүргізуде. Филиалдың әлеуметтік желілері – фейсбугте 205, инстаграм парақшасында 67 материал жарияланып, бұқаралық ақпарат құралдарында18 мақала жарық көрді. Бұл көрсеткіш халық сеніміне ие болып отырған партия жұмысының ашықтығын көрсетеді. Партия аудандық филиалының партиялық бағдарламалар мен тапсырмаларды мерзімінде орындау, халық пен биліктің ортасындағы байланысты күшейту мақсатындағы жұмыстары жалғасын таба бермек.
Манарбек КӨШКІМБАЕВ,
Amanat партиясы Мойынқұм аудандық филиалының төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді