Облыс әкімі әуелі сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, өңірдің мәдениет саласындағы жеткен толағай жетістіктеріне кеңірек тоқталды.
- Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Халықтың мәдениетін арттырып, ұлттық өнерімізді өркендетуге үлес қосып отырған облыс көлеміндегі мәдениет, архив мекемелерінің саны бүгінгі күні 516-ға жетіп отыр. Оның 28-і басқармаға қараса, қалған 488-і Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне бағынысты.
Жыл басында өңірдегі ақындар мен жыршы-термешілердің ұсыныстары негізінде Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының Жамбылтану бөлімі өз алдына басқармаға қарасты жеке мекеме болып бөлініп, «Облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы» болып ашылды.
Сондай-ақ, облысымызда мәдениет саласын дамыту мәселесі қай кезде болсын назардан тыс қалған емес, оған бөлінетін қаржы да жыл сайын артуда. Бұл үрдіс жалғасын тауып, биыл мәдениет саласына 13,3 миллиард теңге қаралып отыр, - деді аймақ басшысы өз сөзінде.
Сонымен қатар Ербол Шырақбайұлы биыл 17 мәдениет нысанының құрылысын жүргізуге жергілікті және республикалық бюджеттен 3,1 миллиард теңге қарастырылғанын атап өтті. Мұнымен қоса жыл басынан бері республикалық маңызы бар бірқатар мәдени-көпшіліктік іс-шаралардың жоғарғы деңгейде өткендігін айтып, олардың басы-қасында жүрген мамандарға ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ облыс басшысы өңірдің үздік деп танылған мәдениет майталмандарын арнайы төсбелгілер мен Құрмет грамотасымен және қаржылай сыйлықтармен марапаттады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының ғылыми қызметкері Ербол Қамбатыров, Мойынқұм ауданы мәдениет саласының ардагері Раушан Жетібаева, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Ләззат Алдабергенова марапатталды. Сондай-ақ әр ауданның жалпы саны 13 мәдениет қызметкері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды. Мұнымен қоса 26 маман облыс әкімінің Алғыс хаты мен арнайы грамотасына ие болып, қомақты қаржылай сыйақы алды.
Айта кетейік, тәуелсіздік жылдарынан бері біздің өңірдің 130-ға жуық мәдениет қызметкерлері – Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, «Мәдениет қайраткері», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерімен наградталған.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді