ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде 8 мыңға жуық мәдениет ошақтары бар, онда 64 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мәдениет қызметкерлерінің жалақысы соңғы үш жылда 45 пайызға өскен.
Сонымен қатар соңғы үш жылда бүкіл ел бойынша 700-ден астам жаңа мәдениет нысаны жөнделіп, 168 жаңа нысан ел игіліне берілген.
Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет «Халық әртісі» құрметті атағы тағайындалып, 8 мәдениет қайраткеріне берілді. Мұнымен қоса еліміздің және шет мемлекеттердің азаматтарына мәдениетаралық және ұлтаралық қатынасты нығайту мақсатында «Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бағытында мәдениет пен өнер саласындағы үздік жұмыстар мен туындылар үшін» сыйлығы тағайындалған.
Ұқсас жаңалықтар
Жыр алыбы және жасанды интеллект
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




