Профилактикалық жұмыс су айдындарының қауіпті учаскелеріне 360 ескерту, тыйым салу белгілері және 7 бильборд орнатудан басталды. Халықтың назарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды жеткізу мақсатында жергілікті теледидар, радиода сұхбаттар ұйымдастырылып, әлеуметтік желілер, баспа басылымдарында ақпараттар жарияланып, брифингтер, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирлер өткізілді. Қазіргі таңда шомылуға қауіпті орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаменттері қызметкерлерімен бірлесе еріктілерді тарта отырып, шомылуға қауіпті, рұқсат етілмеген орындарда рейдтер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 500-ден астам рейд және патрульдік жұмыстар жүргізіліп, тұрғындарға 5 мыңнан астам жадынамалар таратылды. Бірақ, осындай жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан, биыл 6 мамырда облыс аумағында бір оқыс оқиға тіркеліп, 2 адам балық аулау кезінде қаза болды. Былтыр 1 маусымнан 31 тамызға дейін облыстың су айдындарында 4 суға бату фактісі тіркеліп, онда 5 адам қаза болған (3-уі бала) болатын. Оқиғаның орын алуының басты себептері шомылу кезінде балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, жүзу кезінде өз күшін бағаламау, жабдықталмаған орындарда шомылу және балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып табылады. Осыған орай, облыс тұрғындарының назарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған азаматтарға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің» 364, 412 және 440-баптары бойынша шаралар қолданылатынына аударғымыз келеді.
Су айдындарында «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгі орнатылған жерлерде шомылуға, жүзудің шекарасын белгілейтін қалқыбелгілерден кейін жүзуге, шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына қарай жүзуге, суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жағажайлардан, табиғи құралымдардан (жартастардан, құздан, қойтастардан, жақтаулардан, қоршаулардан және басқа да заттардан), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге, спортпен айналысуға, оның ішінде спорттық ойындар ойнауға, осы мақсаттарға бейімделмеген орындарда ойнауға болмайды. Сондай-ақ жалған дабыл айқайларын беру, су айдындарын ластауға және қоқыстауға, кір жууға, шомылуға бөлінген орындар мен оған іргелес жатқан, оның ішінде ағыспен 500 метрге дейін жағажайлардан жоғары аумақтарда көлік құралдарына отын қоюға, жууға және жөндеуге, шағын көлемді кемелерге (оның ішінде еспелі кемелерге ) кіруге және су астында жүзу үшін пайдаланылатын акваториялар жағажайлары мен учаскелерінде маневр жасауға (адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кемелерді қоспағанда), су айдындарында қауіпсіздік белгілерін өз бетімен жоюға (алуға), бүлдіруге немесе орнатуға жол берілмейді. Сонымен бірге, алкогольді және есірткіге мас күйде шомылуға, тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге, жүзуге арналмаған заттармен жүзуге, су айдындарындағы қауіпсіздік белгілеріне, қалқыбелгілерге шығуға, балаларға ересектерсіз суға кіруге де жол берілмейтінін білген жөн.
Бүгінде облыс аумағында облыс әкімінің 2019 жылғы қаулысымен шомылуға рұқсат етілген 16 орын бекітілген. Осыған орай жамбылдықтар өзінің және жақындарының су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай қарапайым ережелерді ұстанулары тиіс: «Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз, тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз және суға сүңгімеңіз. Суға мас күйде кірмеңіз, суда шомылушыларды батырумен байланысты ойындарға жол бермеңіз. Қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдіктер басқан жерлерде шомылмаңыз. Күшті ағыспен күреспеңіз, оны жағаға жақындау үшін пайдаланыңыз. Ешқашан су иірімдеріне жақын жүзіп бармаңыз. Тоңып қалмаңыз және күн өтіп кетпесін. Егер су температурасы 20 градустан төмен болса, шомылмаңыз. Жүзу үшін тақтайларды, бөренелерді, қолдан жасалған құрылғыларды пайдаланбаңыз. Үрлемелі матраспен немесе камерамен жағадан алыс жүзбеңіз. Балаларға суға құлап кететін жерлерде ойнауға жол бермеген жөн. Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Осы қарапайым ережелерді сақтау арқылы сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін қауіп-қатерден сақтайтыныңызды ұмытпаңыз!».
Жалғас АБДУАЛИЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.
Ұқсас жаңалықтар
Су саясаты сараланған саммит
- Бүгін, 09:49
Анықталған кемшіліктер қашан қалпына келтіріледі?
- 3 желтоқсан, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді