Қаржы пирамидасын құрған грузиялық азамат экстрадицияланды
- author «Ақ жол»
- 17 мамыр, 2024
- 1.6k
Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында «Plus Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.
Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, соған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.
2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Тараздағы ҚАЖ мекемесінде жас қызметкерлерге шен тапсырылды
- 28 сәуір, 2026
46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




