ҚР ІІМ Көліктегі ПД-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айының 10-20 күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.
Жоспарлы іс-шараның мақсаты – Тараз станциясының Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында теміржол обьектілерінде тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, теміржол көлігі нысандарындағы азаматтардың қауіпсіздігін жеткілікті түрде қамтамасыз ету, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және болдырмау.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың мамыр айының 16-сы күні Тараз станциясының Желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Р.Заппаров, Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі Ғ.Абаханов, Ұшбұлақ станциясының бастығы Ғ.Шаймовпен теміржол аса қауіпті аймақ болғандықтан, теміржол бойында орын алатын жазатайым деректерін болдырмау мақсатында Тараз станциясының Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында теміржолға жақын орналасқан елдімекен тұрғындарына теміржолдан өту қағидаларын сақтау және теміржолға жақын жерлерде мал жаймаулары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұқсас жаңалықтар
Бас прокуратура Конституция жобасын талқылады
- 27 ақпан, 2026
Отбасы құндылығы – оңалтудың негізі
- 27 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




