«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кезек күттірмейтін маңызды жұмыс

Кезек күттірмейтін маңызды жұмыс
Бүгінде Тараздағы «М-1» жылу магистралінің тозу деңгейі 80 пайызды құраған.

Осыған орай, 2023 жылы қала әкімдігімен «Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы «М-1» жылу магистралін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы әзірленіп, сол бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын. Сондай-ақ сараптама қорытындысына сәйкес, республикалық және облыстық бюджеттен тиісті қаржы сұралды.

Жұмыс жобасында көрсетілгендей, аталған жылу магистралы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы және Қ.Тұрысов көшелері бойында жатыр. Жалпы ұзындығы 6 138 метрді құрайды. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жеңімпаз мердігермен келісімшарттар жасалды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының тапсырыс берушісі – Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Жобаның бас мердігері «Сарыағаш-Аман» ЖШС болса, техникалық қадағалаушысы – «АДС САПА» ЖШС, ал авторлық қадағалаушысы – «Институт «КазНИПИЭнергопром» АҚ.

Барлық мүдделі мекемелермен келісу жұмыстары жүргізілген соң 2024 жылдың 19 сәуірінен бері құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарына жалпы 5 бөлікте құрылысшы топтар жұмылдырылған.

Бүгінде, жалпы 2 000 метр лотокпен жылу құбырлары қазып алынып, 300 метр лоток жүйесі жаңадан орнатылды.

Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың 1 қазанына дейін толығымен аяқтау жоспарлануда.

 

Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар