Осы күні аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы қарт майдангер Мүтәліп Ережепбайға құрмет көрсетіп, Мемлекет басшысының арнайы құттықтау хатын оқып берді.
Бүгінде 98 жастағы ардагер Талас ауданында дүниеге келген. Ол 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Жеңістен соң әйгілі Брест қамалын қалпына келтіруге қатысқан. 1950 жылы елге оралып, партия жұмыстарына белсенді араласып, журналистика саласында да жауапты қызметтер атқарған.
Ардагер «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен және мерекелік медальдармен, грамоталармен марапатталған. Талас ауданының Құрметті азаматы. Шығармашылықты да серік еткен Мүтәліп Ережепбайдың «Атақоныс», «Өлеңім – өмірім» сынды бірқатар жинақтары жарық көрген.
Майдангердің еселі еңбегі мен бейбітшілікке қосқан үлесінің зор екендігін атап өткен аймақ басшысы ардагерге жылы лебізін жеткізді.
– Бабалар рухына тағзым етіп, ардагерлерімізді ардақтау, олардың ерлік жолдарын ұрпаққа үлгі ету азаматтық парызымыз. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды! Арамыздағы өздеріңіз секілді ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне, сол кезеңнің куәгерлеріне деген құрмет, көмек көрсету – бүгінгі ұрпақтың негізгі міндеттерінің бірі. Өскелең ұрпақ ардагерлердің даңқты жолы мен қаһармандық шежіресін өнеге тұтады, – деді облыс әкімі.
Өз кезегінде тарихтың өзі, өткеннің көзі болған соғыс ардагері естеліктерімен бөлісіп, зұлмат күндердің енді қайталанбауын, ел мен жердің амандығын тіледі.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Алматы – мәдениеттің мәйегі
- 19 қыркүйек, 2024
Жол саласында 219 жоба іске асырылған
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді