Аңыз арал
Жамбыл жерінде жұмбағы мол, қасиеті ерен жер көп. Солардың бірі – Меркі ауданындағы Көккөл. Көптің көкейіндегі сұраққа жауабын жасырған бұл көлдің сыры әлі ашылмай келеді. Тау қойнауына жасырынған туристік нысанның сыртқы пішіні жүрекке ұқсайды екен. Жұмбақ жаратылыстың ешқандай өзен, көлмен байланысы жоқ. Бірақ, айдындағы су бірқалыпты. Не арнасынан аспайды, не төмендемейді. Ел ішінде Әулиекөл, Көккөл деп аталып кеткен аумақта тіршілік белгісі атымен жоқ. Осы орайда халық оны Өлі көл деп те атайды. Көлдің түбінде айдаһар бар дейтін аңыз да бар.
Өлкет анушы С ерік Құралбаевтың айтуынша, біраз уақыт бұрын көлді зерттеуге қызығушылық танытқандар екі сүңгуір азаматты осы көлге алып келіпті. Алдымен сүңгуірдің біреуі түбіне бойлап көріпті. Алайда, ол көлдің түпсіз екенін аңғарып, біраз уақыттан соң қайта шыққан. Түбі жоқ, табиғи жаратылыстың қорқынышты екеніне көзі жетіп, екінші рет түспепті. Арғы жағы қап-қараңғы тұңғиық екендігін жеткізген арнайы маманның сөзін растау үшін екінші сүңгуір су түбіне бойламақшы болған. Ол он шақты метр жерге дейін малтып барыпты. Он минуттай уақыт өтер-өтпестен судың бетіне шығып, қаша жөнелген.
Сол кеңестік кезеңдерде түрлі экспедициялар қанша ұйымдастырылғанымен, одан ешқандай нәтиже шықпаған. Содан осы уақытқа дейін көлдің тереңдігі де анықталмаған.
Бе с асудан соң қарасы көрінетін Қарақыстақтағы Көккөлдің жайы осындай. Тау басындағы бұл көл Меркі ауданының Ақтоған ауылынан жүз шақырым қашықтықта орналасқан.
Әзірге ел аузында тек аңыз болып айтылып жүрген жұмбақ аралдарымыздың құпиясын ашу мүмкін болмай тұр. Бізге беймәлім он сегіз мың ғаламның сан түрлі ғажабы көп. Сол ғажайыптардың біріне балауға тұрарлық дүние десек, артық емес. Себебі, халық Әулиекөл деп бекер атамайды. Ел олай деп атауға түрткі болатын аңыздың да ғайыптан тууы ғажап емес. Мәселен, көл айдынында ешқандай қоқыс немесе жапырақ жатпайды екен. Су бетіндегі ультрадірілден суға түскен кез келген зат сыртқа шығып кетеді. Құлама жартасты өткелдері бар құпияға толы бұл көлдің зерттелу тарихы енді болашақтың еншісінде.
Жергілікті тұрғындар жолсыз елді мекенге қазақстандықтардан бөлек, шетел азаматтарының да аз келмейтінін айтады. Көлдің тылсым қасиетін зерттеуге қызығатындар көп десек, аталған аймақты туристік мекенге айналдырудың тиімділігін айтпасақ та түсінікті.
Бүгінде Меркі ауданының басшылығы тылсым мекенге көңіл бөліп, көлге апаратын жол барысын жөнге келтіруді ойластыруда екен. Ендеше, табиғаты көркем, құпиясы көп Көккөл маңы ағылған туристерге толатын күн де алыс емес секілді.
Нұржан ӘЛІШ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді