Жаңалықтар
Жеңіс күнін жақындатқан жамбылдықтарға құрмет көрсетілді
- author «Ақ жол»
- 8 мамыр, 2024
- 1.5k
Жеңіс күнін жақындатқан жамбылдықтарға құрмет көрсетілді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жеңіс мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтады. Алдымен аймақ басшысы қарт майдангер Мүтәліп Ережепбайға құрмет көрсетіп, Мемлекет басшысының арнайы Құттықтау хатын оқып берді.
Ғасыр құрдасы Талас ауданының тумасы. Ол 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Жеңістен соң әйгілі Брест қамалын қалпына келтіруге қатысқан. 1950 жылы елге оралып, партия жұмыстарына белсенді араласып, журналистика саласында да жауапты қызметтер атқарған.
Облыс әкімі Иван Макеевтің шаңырағына да барып, Президенттің Құттықтауын хатын табыстады. Майдангердің отты жылдардағы ерлігі мен қайсарлығын атап өтті.
– Арамыздағы өздеріңіз секілді ардагерлер мен тыл еңбеккерелеріне, сол кезеңнің куәгерлеріне деген құрмет, көмек көрсету – бүгінгі ұрпақтың негізгі міндеттерінің бірі, - деді облыс әкімі.Фото: Ақәділ Рысмахан
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




