Көші-қон заңнамасын бұзған қос мигрант жауапкершілікке тартылды
- author «Ақ жол»
- 5 мамыр, 2024
- 956
2024 жылғы мамыр айының 2-4 аралығында өткізіліп жатқан «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында, ағымдағы жылғы 3-ші мамыр күні Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен Тараз қаласының теміржол вокзалында халықтың көші-қоны заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 1975 жылы және 1999 жылы туылған екі азаматын анықтаған.
Аталған шетел азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы 3 бөлігі 1 тармағында көрсетілген, яғни шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінгені, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту салынды.
Тараз ст. ЖПБ
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




