
Басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары болып Карибаев Ернұр Бергенұлы тағайындалды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz тілшісі turaninfo.kz сайтына сілтеме жасап Карибаев Ернұр Бергенұлы – Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген.
2000-2004 жж. – Жамбыл облысы Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Мемлекеттік муниципалды басқару» мамандығын бойынша тәмәмдаған.
28.10.2004-01.03.2005 жж. аралығында Тараз қалалық білім басқармасы орталықтандырылған бухгалтериясының жоспарлау бөліміне экономист;
01.03.2005-15.11.2010 жж. аралығында Тараз қаласы әкімдігінің №2 орта мектебінде бухгалтер;
15.11.2010-03.02.2012 жж. аралығында Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясында есепші;
10.05.2012-19.07.2016 жж. аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы;
20.07.2016-27.09.2021 жж. аралығында Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшының орынбасары;
28.09.2021-31.12.2023жж. аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алу және спорттық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы;
01.01.2024 жылдан бастап бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы болып қызмет етті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді