Жаңалықтар
Республикалық автожолдар бойында байланыс желілері салынады
- author «Ақ жол»
- 3 мамыр, 2024
- 318
Республикалық автожолдар бойында байланыс желілері салынады
Шалғай аудандарды интернетпен қамтамасыз ету үшін республикалық және облыстық автожолдар бойында талшықты-оптикалық байланыс желілері салынады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресми сайтында мәлімдеді.
Күні кеше жарияланған хабарламада төмендегі мәселелер қамтылған:
- Салаларды цифрландыруды дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінде байланыс қызметтерін субсидиялау енгізілді, оның тәртібін байланыс саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен келісе отырып, анықтайды;
- Мүгедектігі бар тұлғаларды қолдау мақсатында байланыс саласындағы уәкілетті орган байланыс операторларының оларға жеңілдетілген тарифтерді ұсыну бойынша міндеттемелерін бекітетін болады;
- Байланыс саласында нарықтың жаңа қатысушысы – виртуалды байланыс операторы енгізілуде, ол бір немесе бірнеше ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымын пайдаланады;
- Жаңа өзгерістерге сәйкес, операторлар төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлау үшін Cell Broadcast технологиясын ұсынуға міндетті. Жергілікті органдар шұғыл қызметтер жүйелерінің жұмысын бақылайтын болады, сондай-ақ байланыс жабдықтарын орналастыру үшін орындарды жалға алуға шекті тарифтер белгіленетін болады.
Фото: ашық дереккөз
Ұқсас жаңалықтар
Партиялық бақылау комиссиясы – қоғам зердесі
- 24 қаңтар, 2025
Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- 24 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді