Бетқайнар колледжінде жаңа цех іске қосылды
Қордай ауданындағы №7 Бетқайнар колледжінде үлкен тігін цехы іске қосылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz «Жас маман» жобасы аясында жүзеге асқан цехтың жұмыс қарқыны тоқыма фабрикасынан кем емес.
Жетпіс адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтуға қауқары бар цехтың техникалық базасы - өндірістің өріс алуына үлкен сеп.
Мұнда тек киім-кешек қана емес, табиғи өнімнен шикізат өндіру де жолға қойылған. Мәселен, қой жүнінен киіз басып, көрпе-төсекке қажетті өнім дайындалады. Осылайша қыздың жиған жүгіндей, тәп-тәуір дүниелер пайда болады.
Жалпы «Жас маман» жобасы сонау жастар жылы қолға алынған болатын. Бұл жоба «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына кіреді. Аталған жоба сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандық бойынша 180 колледж бен 20 ЖОО-ын жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізуді мақсат еткен еді.
Цехтың жүйелі жұмысы туралы газетіміздің алдағы санында өндірісі өріс алған өлкеде іссапармен жүрген әріптесіміз, журналист Қамар Қарасаеваның көлемді мақаласынан оқи аласыздар.
Ұқсас жаңалықтар
Тазалық техникалары отыз пайызға жаңарды
- Бүгін, 03:10
Учаскелік референдум жұмысын қорытындылады
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді