«MART» сауда орталығында өткен мамыражай кеш
Күні кеше Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, «MART» сауда орталығында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырумен «Бейбітшілік – ел тірегі» этно-мәдени кеші өтті. Ерекше форматта өткен кездесуде Тараз қалалық білім бөліміне қарасты бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері мен кітапхананың жас оқырмандары аймақта көп қоныстанған түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрінен сыр шертетін ұлттық өнерлерін ортаға салды. Әуелете ән шырқады, мың бұрала би биледі.
Сондай-ақ тағылымы мол іс-шарада келушілерге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кештің қызықты да, қызғылықты өтуіне атсалысқан балақайларға арнайы Алғыс хаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




