Мамыр айында жауын-шашын көп түседі – Қазгидромет
Қазгидромет мамыр айына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Мамандардың болжамына сәйкес, мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы байқалады. Жиі жаңбыр жауады, қатты жел соғады соғады.
"Онкүндіктің басында және ортасында республиканың солтүстігінде, орталығында,шығысында,оңтүстік-шығыс аудандарының таулы және тау бөктерінде түнде қарға ұласатын жаңбыр күтілуде. Мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінің кей күндерінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағайлы жаңбыр жауады, ыстықтың аздап төмендеуі - солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда күндіз +15+25°С дейін, оңтүстікте +20+28°С дейін күтілуде. Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің батыс аймақтарында норма шамасында болады деп күтілуде. Мамыр айында жауын–шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжануда", - делінген хабарламада.Фото: kazpravda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді