«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Отбасы құндылығы – маңызды мәселе

Отбасы құндылығы – маңызды мәселе
ашық дереккөз
Отбасы құндылығы – маңызды мәселе
Amanat партиясы облыстық филиалы партияның Әйелдер қанатының бастамасымен «Отбасы беріктілігінің негіздері» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысын өткізді. Жиынға Amanat партиясы облыстық филиалының Әйелдер қанатының кеңесшісі Айман Әшімова, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байхожаев, облыстың бала құқықтары жөніндегі уәкілі Дәурен Бағжанов, облыс әкімдігі жанындағы әйелдер және отбасы жөніндегі комиссия, облыстық кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған сот, облыс әкімдігінің білім басқармасы, облыстық әділет департаменті, «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының өкілдері мен психологтар қатысты. Аталған іс-шара барысында отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы, неке- отбасы даулары, отбасылық ажырасудың себептерімен оның алдын алу мәселелері туралы айтылды. Жақында ғана қабылданған әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы заң нормалары түсіндірілді. Сондай-ақ, жиын барысында Amanat партиясы әйелдердің мемлекеттік басқару ісіне және қоғамдық өмірге белсенді араласуын кеңейтіп, әйелдер бастамаларына қолдау көрсетіп, құқықтық көмек көрсету бағытында жүйелі жұмыс істеп жатқаны туралы да айтылды. – «Облыстық тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету» орталығының жұмысымен таныстым. Облыстың 8 ауданында әйелдермен кездесулер өткізіп, Amanat партиясы жанынан құрылған Әйелдер қанатының бағыт- бағдарын түсіндірдік. Жалпы, ауыл әйелдерімен әр кезде суде өзекті мәселелерді қозғап, шешу жолдарын айттық. Гендерлік теңсіздік, тұрмыстық зорлық-зомбылық, білім алудың қолжетімділігі, діни радикалдану және соған байланысты проблемалар жиі айтылады. Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемде су, өндірістегі еңбекті қорғау, ауылдағы бизнес, отбасы денсаулығы мен құндылықтары, Әйелдер қанатының негізгі жұмыстары. Көпбалалы отбасылар демографиялық ахуалымызды көтеруге үлкен үлес қосып отыр. Өз кезегінде ел Үкіметі түрлі қолдау шараларын ұсынып отыр. Мысалы, көпбалалы отбасыларға олардың табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Биыл айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3692 теңгеге дейін ұлғайтылған соң, жәрдемақы мөлшері де көтерілді. Мемлекет тарапынан қолдау бар, соны пайдалана білген жөн, – деді Айман Серікқызы. Статистика көрсеткендей, жыл сайын Қазақстанда әрбір үшінші отбасы ажырасады екен. Әсіресе, жас отбасылар арасында ажырасу көп кездеседі. Осындай келеңсіздікті шешу үшін, некені тіркеу туралы өтініш беру кезеңінде жас жұбайлар отбасылық құндылықтар мектебі бойынша оқу курсынан өту қажеттілігі туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, мектептерде отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, жанжалдарды болдырмау және шешу, отбасылық бюджетті қалыптастыру мәселелері бойынша тренингтер мен семинарлар өткізілуі тиістігі де қаралды. Мұндай шешімдер жастарға саналы түрде некеге тұруға және отбасының құндылығын түсінуге мүмкіндік беретіндігі туралы айтылды.  

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар