«Әулиеата» командасы көкпардан көш бастап тұр
Биылғы жылдың 20-27 сәуір аралығында Қызылорда қаласында көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеге 16 облыс пен қалалардан 190 спортшы қатысты. Жарыстың топтық іріктеу кезеңінде Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы үздік шығып, жартылай финалда Түркістан облысының «Тұран» командасынан 9:2 есебімен басым түсті.
Финалдық кездесуде Алматы облысының көкпаршыларынан 7:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, жамбылдық «Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 14 дүркін чемпионы атанды.
Чемпионаттың «Үздік ойыншы» номинациясы жамбылдық Жақсылық Ерғалымға бұйырды.
Айта кетейік, елімізде көкпар спорт түрінен 21 рет Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылса, оның 14-де «Әулиеата» командасы көш бастап тұр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




