
Жол жөндеу жұмысы күн тәртібінен түспейді
Кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облыс орталығындағы бірқатар көшелерді аралап, тексерді. Нақтырақ айтқанда, А.Пушкин, Адамбаев, Қылышбай ақын, Ұлбике ақын көшесі мен Бөлтірік шешен көшелерінің, Шостакович көшесі мен Саңырық батыр көшелерінің қиылысы секілді бірқатар жол бөліктерін аралады. Биыл Тараз қаласында ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүзеге асады деп жоспарлануда. Шаһардағы жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге, орташа жөндеу жұмыстарын 1,5 есе шамасында арттыру көзделуде екен.
– Басты талап – құрылыс жұмыстарының сапасы мен бекітілген мерзімнің сақталуы. Бұл бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктелді. Аралау барысында М-1 жылыту жүйесінің қайта жаңғырту жұмысымен де таныстым. Қаладағы жылыту жүйелерін жаңғырту, жөндеу жұмыстарын тездетіп, тұрғындарды ыстық сумен қамту – маңызды.
Бұл бағыттағы жұмыстар облыстың барлық аудандарында да нәтижелі жалғасуы тиіс, – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, ол биыл түрлі бағдарламалардың мүмкіндігін пайдалана отырып, облыс бойынша пайдалануға беретін пәтер санын 2-3 есеге көбейту жоспарланғанын айтты. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал тобын тұрғын үймен қамту көлемі де артпақ.
Маржан РАҚАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Облыс әкімі көзсіз ерлік танытқан тараздық оқушымен кездесті
- 22 сәуір, 2025
Жаңа өнім түрі де, экспорт көлемі де көбейеді
- 22 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді