Ғайни ақын – «Алаш» сыйлығының лауреаты
Алматыдан алаулап жеткен сүйінші хабарға сүйсініп отырмыз. Жерлесіміз, ақын Ғайни Әлімбекқызы әдебиетті насихаттаудағы еңбегі үшін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Бұл айтулы сыйлық биыл 108 үміткердің ішінде 20 қаламгерге ғана берілген. Ғайни Әлімбекқызы – елімізге танымал ақын. Оның қаламынан туған «Ақша бұлттар арасында арман бар», «Көңілімде боздап тұрды бозінген», «Жыр – айна», «Қарлығаштар мекені», «Сен берген гүл» атты жыр жинақтарын оқырман қауым жылы қабылдап, жоғары бағалаған. Ол әулиеаталық жұртшылыққа облыстық «Jambуl» телеарнасында «Айна», «Айша бибі» авторлық бағдарламалары арқылы кеңінен танымал. Ұзақ жылғы еңбегі еленіп, еліміз бойынша таңдалған «100 қайраткер әйел» атты анықтамалық- энциклопедиясына енген. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
Ғайни Әлімбекқызы – нағыз патриот, отаншыл ақын. Аяулы ақынды халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атануымен құттықтап, отбасына жақсылық тілеп: «Жазар көбейсін!» деп ізгі тілек айтамыз!
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Компьютерлік қылмыстардың көбеюіне не себеп?
- Бүгін, 00:34
Жұмыспен қамту мен әлеуметтік қолдау қарқыны жоғары
- Бүгін, 00:30
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді