«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Көлікті тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді

Көлікті тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді
ашық дереккөз
Көлікті тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді
Ішкі істер министрлігі көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына енгізілген түзетулер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Ресми хабарлама ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
– Құрметті азаматтар! Көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына түзетулер енгізілді. Олардың негізгілеріне тоқтала кетсем: Біріншіден, біз жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлерді қайта алуды жеңілдеттік. Егер сіз басқа аймаққа көшкен болсаңыз, онда алдыңғы аймақта алынған жоғары сұранысқа ие нөмірді өзіңізде қалдыра аласыз. Сонымен қатар дәл осындай нөмірлерді жақын туыстарыңызға, яғни ата-анаңызға, бауырларыңызға, балаларыңыз немесе жұбайыңызға қайта рәсімдей аласыз. Біз бұл түзетулерді осыған ұқсас жағдайларға тап болған азаматтардың өтініштерін ескере отырып ұсындық. Екіншіден, көлікті тіркеу процесін жеңілдету үшін біз оның техникалық сипаттамалары бойынша бірқатар қағаз құжаттардан бас тарттық. Қазақстанда көлікті бастапқы тіркеу кезінде біз бұл құжаттарды мемлекеттік органдардың дерекқорынан электронды түрде алатын боламыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу кезінде алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында автокөліктерді сату-сатып алу келісімін нотариалды куәландыру бойынша талап қайтарылды. Дәл осы мақсатта көлікті бастапқы тіркеу немесе кузовты ауыстыру, қайта жабдықтау немесе оның түсін ауыстыру барысында міндетті түрде криминалистер тарапынан көліктің тексерілуі енгізілді. Бұдан басқа, «А», «В» санатындағы жеңіл көліктер мен мотоциклдерге жүргізу куәлігін алу үшін міндетті түрде көлік мектептерінде оқудан өту қажет. Олар көліктердің ең көп таралған түрлері болып табылады. Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларына жиі түседі. Сондықтан оларды жүргізу үшін кешенді теориялық және практикалық даярлықтан өту керек. Жалпы 53 түзету қабылданды. Олар ағымдағы жылдың 23 сәуірінен бастап күшіне енді, - делінген хабахарламада.
фото: inbusiness.kz

Ұқсас жаңалықтар