Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасы ұлықталды
Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мағжан мұраларындағы ұлттық таным» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Онлайн және офлайн форматта өткен семинарда Тараз өңірлік университеті, «Журналистика және филология» кафдедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынай Абдыкадырова, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Айгүл Үсен және де жергілікті білім беру орындарының педагог-зерттеушілері Саракүл Шаршыбаева мен Маржан Шартықбаева қатысып, Мағжан мұралары туралы баяндама оқыды.
Іс-шараға қатысқан студенттер Алаш зиялысының өмір жолы мен шығармашылығы туралы толымды, әрі тың ақпарат алып, пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




