Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Меркі, Сарысу және Шу аудандарының тұрғындары жазылған.
Аймақ басшысы азаматтардың елді мекенге инфрақұрылым тарту, жаңа мектеп салу, тұрғын үймен қамту және қоғамдық көліктің жүру бағытын ретке келтіру және тағы да басқа сауалдарын, сондай-ақ жеке мәселелері бойынша сұрақтарын тыңдады.
Ербол Қарашөкеев көтерілген барлық мәселелер назарға алынып, заң аясында шешімін табатынын атап өтті.
Айта кетейік, қабылдауға жазылған азаматтардың сауалдары облыс әкімінің жеке бақылауында. Бұл бойынша жауапты сала мамандары жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




