Book party – кітап оқуға жаңа стимул
Күні кеше Халықаралық кітап күніне орай Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Сәнді ойын сауықтан - саналы сауат ашуға» атты іс-шарасы өтті. Өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «book party» ерекше форматта өтті.
Іс-шарада Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Ескен Елубаевтың «Саған күшік керек пе?» және шетел жазушыларының «Гарри Поттер», «Мұз ханшайымы» шығармаларының кейіпкерлері 3Д форматтағы образдарды сомдады.
Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері «Қошқар мен Теке», «Шалқан» ертегі үзігділерінен қойылым жасап, жасөспірімдердің ой-өрісін арттыратын сауықтық кеш ұйымдастырды.
Ұқсас жаңалықтар
Спортшыларға құрмет көрсетті
- Бүгін, 15:35
Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді
- Бүгін, 15:29
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




