Атырауға 100-ден аса ауыр техника жөнелтілді
Қарғын судан зардап шеккен өңірлерге облысымыздан 100-ден аса ауыр техника жөнелтілді. Теміржол платформасы арқылы жолға шыққан көліктер Атырау облысына екі күнде жетеді. Жүк артуға, тасымалға, жер қазуға, су айдауға тиісті техникаларға басқарушылар да бекітілген. Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің айтуынша, жоспарға сәйкес Атыраудағы су басқан елді мекендерді құтқаруға Жамбыл аймағы бекітілген.
– Облысымызда қандай техниканың түрі бар, барлығы жұмылдырылып жатыр. Бізден баратын құтқарушыларға жатын орын, тамақ, киім қарастырылған. Олардың іссапар шығындары демеушілер арқылы өтеледі. Сонымен қатар, айлық жалақылары да сақталады, – дейді Қанатбек Қайшыбекұлы.
Жүзге жуық құтқарушылар мен бұдан да көп техникаға жауапты мекеме басшылары да өз ісіне сақадай-сай тұр.
Облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Ерболат Сейітбековтің сөзінше, апатты аймақтарға көмектесу шаралары алдағы уақытта барынша күшейтілмек.
Нұржан ӘЛІШ
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




