25 сәуір - Қазақстан футболы күні
Қазақстан футбол федерациясы ресми парақшасында жанкүйерлерін ұлттық футбол күнімен құттықтап, қолдау танытқан азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz «Осы жылдар ішінде отандық футбол Еуропа турнирлерінде айтарлықтай жетістіктерге жетіп, өз позициясын нығайтып келеді. Біздің футболды жаңа биіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз және оны сіздермен бірге ғана бағындырамыз.
Барша футбол қауымын осы ерекше мерекемен құттықтаймыз! Футболды дамытуға демеу болып жүрген жандар мен жанкүйерлерге, футболшылар мен бапкерлерге, мамандар мен ардагерлерге, демеушілер мен серіктестерге, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне алғыс айтамыз!
Еліміздің ұлттық құрамасы мен отандық футбол клубтарына спорттық жеңістер, жанүкүйерлер қауымына жарқын әсерлер және ұмытылмас эмоциялар тілейміз!», - делінген жылы лебізді хабарламада.
2002 жылы 25 сәуірде Стокгольмде өткен УЕФА-ның 26-шы конгресінде Қазақстан Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағына (УЕФА) ресми түрде қабылданды. Дәл осы күні отандық футболдың тарихында жаңа белестер басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




