Қытайлық инвесторлар Жамбыл жерінде
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Қытай елінің «Hicheng Mining CO. Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өңірімізде алтын өндіру өнеркәсібін арттыру, бұл салада жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеуге ерекше назар аударылды. Жиында облыс әкімі екі ел басшыларының тығыз қарым- қатынасы көрші мемлекеттердің экономикасының дамуына жаңаша серпін бергенін атап өтті. Өңір басшысы өз сөзінде қос мемлекет екінші алтын отыз жылдыққа қадам басқанына тоқталып, инвестициялық жобаны қолдау мақсатында мемлекет және жергілікті билік тарапынан қажетті шаралар қабылданатынын баса айтты.
– Біздің өңірге қызығушылық танытып, арнайы сапармен келгендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бүгінгі таңда Жамбыл өңірінде шетелдік ірі өнеркәсіп компанияларының қатысуымен бірқатар индустриялық жобалар тиімді жүзеге асырылуда. Біз облыс экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын креативті жаңа жобаларды бірлесе іске қосуға мүдделіміз, – деді Е.Қарашөкеев.
Бұдан кейін аспан асты елінің өкілдері алтын өндіру ісіндегі тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі таңда «Hicheng Mining CO. Ltd» компаниясында 1 500 адам еңбек етеді.
Кездесу соңында инвестициялық жобаны егжей-тегжейлі пысықтау және ынтымақтастықты дамыту бағытында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
Есен ӨТЕУЛИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді