Жаңа шағынауданның құрылысы қарқынды
Кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласында салынып жатқан 16-шағынауданның құрылыс барысымен танысты. А.Асқаров көшесінің соңында салынып жатқан жаңа тұрғын алқапта 351 жеке тұрғын үй және 82 көппәтерлі үй салынады деген жоспар бар. Өңір басшысы құрылыстың сапалы әрі мерзімінде орындалуына ерекше назар аударды. Әлбетте, жобаға сай мұнда мектеп, балабақша, емхана, халыққа қызмет көрсету орталығы, өрт сөндіру бекеті, әкімшілік ғимарат, қызмет көрсету нысандары, саябақ, перинаталдық орталық, жұқпалы ауруларды емдеу емханасы, дене шынықтыру- сауықтыру кешені, мәдениет үйі және тағы да басқа түрлі нысандар салынады делінген.
Нақтылы уақытта 16 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Яғни, бұл құрылыс аяқталғанда жыл соңына дейін 720 азамат жаңа ауданнан пәтерлі болмақ. Сондай-ақ, биыл 30 көпқабатты үйдің құрылысы басталмақ.
Құрылыс барысымен танысқан Ербол Шырақпайұлы: «Қала басшылығы мен салалық басқармаларға шағынаудандағы инфрақұрылым мәселесіне барынша көңіл бөлу керектігін ескерттім. Газ, су, жарық, кәріз, жылумен қамтуда ешқандай кедергілер болмауы тиіс. Айта кету керек, биыл түрлі бағдарламалар аясында облыс бойынша пайдалануға берілетін пәтер санын өткен жылмен салыстырғанда 227,1 пайызға арттыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал тобын тұрғын үймен қамту көлемін де екі есеге дейін ұлғайту көзделуде», – деді.
Маржан РАҚАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді