Жаңалықтар
«Таза Қазақстан» эко-акциясына Мұхтар Шаханов та атсалысты
- author «Ақ жол»
- 24 сәуір, 2024
- 1.0k
«Таза Қазақстан» эко-акциясына Мұхтар Шаханов та атсалысты
Мемлекет басшысының бастамасымен бес аптаға жоспарланған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына зиялы қауым өкілдері де шынайы қолдау білдіруде. Бүгін Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры аумағында өткен тағылымы мол іс-шараның басынан ұлт жанашыры, халық ақыны әрі жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов та табылды.
«Бұл – жақсы қасиеттерді насихаттайтын, ынтымақ пен ауызбіршілікке шақыратын және мейірімділікке баулитын үлкен іс-шара. Мен 82 жаста болсам да, ортақ мүддеміз үшін азаматтық белсенділік танытып, ағаш отырғызуға келдім. Әсем Алматымызды көркейту жолында қала тұрғындары ғана емес, қонақтары да атсалысуы қажет. Мұндай бастамаларды қолдаған дұрыс деп ойлаймын. Алматы экологиялық мәдениет жоғары дамыған қалаға айналуға тиіс. Соған тырысуымыз керек», – деді М.Шаханов.Айта кетейік, экологиялық акцияға Жамбыл облысының тұрғындары да біркісідей атсалысып, тұрғылық аумақтарын күл-қоқыстан тазартып, жасыл желек егуде.
Ұқсас жаңалықтар
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Су ресурсын басқарудың тиімді жолы қандай?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




