Жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: аудан тұрғындары белсенділік танытуда
- author «Ақ жол»
- 24 сәуір, 2024
- 781
«Таза Қазақстан»: аудан тұрғындары белсенділік танытуда
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына аймақтағы елдімекендер де біркісідей атсалысуда. Бес аптаға жоспарларған акцияға барлық аудан тұрғындарының жоғары белсенділігі байқалады. Бүгін Байзақ ауданы, Темірбек ауылдық округіне қарасты Тегістік ауылының тұрғындары қоғамдық орындарға санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізіп, төңіректі күл-қоқыстан тазартты.
Сондай-ақ Тегістік ауылындағы «Ардагерлер» аллеясына Әлім Халықұлы мен Мұхамеджан Садырқұлов бастаған ауыл ақсақалдары немерелерімен бірге ағаш көшеттерін отырғызды. Осылайша ардагерлер қауымы немерелерімен бірге тал егіп, жасыл желектің көбеюіне үлес қосты.
- «Бабалар еккен шынарды балалар саялайды» демекші, бүгінгі жас шыбық ертең-ақ жайқалған алып бәйтерекке айналары сөзсіз. Бұл әрине ауданымызды көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына да айтарлықтай серпін бермек. Ардагерлердің жанды бастамасы - құптарлық іс, - дейді Темірбек ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Асет Мадишев.Дәл осындай экологиялық акция Талас ауданы, Қаратау қаласында да көрініс тапты. Берері мол бастаманың басынан табылған спорт саласының қызметкерлері моноқаланың «Ортатық саябақ» ішіндегі тал-көшеттерді құрт-құмырсқадан қорғау мақсатында түптерін ақтап шықты.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




