Жаңалықтар
Жамбыл облысында 179 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
- author «Ақ жол»
- 22 сәуір, 2024
- 371
Жамбыл облысында 179 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Жамбыл облысында соңғы үш айда 179 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Осы жылдың үш айында 179 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ мас күйінде көлік жүргізгені үшін басқару құқығынан айырылған 13 азаматтың қайта көлік руліне отырғаны белгілі болды.
Мәселен, биыл 13 сәуірде полицейлер Луговой ауылында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың тағы бір дерегін дер кезінде анықтады.
Құрымбаев көшесінің бойында полиция қызметкерлері "Volkswagen Vento" маркалы автокөлікті тоқтатады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 43 жастағы жүргізушінің "орташа" дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Сондай-ақ 2023 жылы осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін ер адамның көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды.
Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік арнайы көлік тұрағына қойылды.
Фото: ашық дереккөзден
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді