Ғайни Әлімбекқызы – «Алаш» сыйлығының иегері
Бүгін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ақын, журналист Ғайни Әлімбекқызы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Бұл туралы әлеуметтік желіде әріптесіміз, «Таraz 24» телеарнасының директоры Зарина Қуатова фейсбук парақшасында бөлісті.
– Ғайни Әлімбекқызы - өмірін ақындық пен тележурналистикамен қатар өрнектеген сыршыл ақын. Марапатыңыз құтты болсын, абыройыңыз арта берсін, ардақты әпкем!, - делінген жазбада.
Айта кетейік, Ғайни Әлімбекқызының «Қарлығаш», «Жүрегімдесіңдер менің», «Ақша бұлттар арасында арман бар», «Көңілімде боздап тұрды бозінген» атты жыр жинақтары өлеңсүйер оқырманның оң бағасын алған.
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




