Жаңалықтар
Таразда биыл 16 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне беріледі
- author «Ақ жол»
- 19 сәуір, 2024
- 315

Таразда биыл 16 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне беріледі
Биыл облыс бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін берілетін пәтер санын өткен жылмен салыстырғанда 227,1 пайызға арттыру жоспарлануда. Оның ішінде әлеуметтік осал топтар үшін берілетін пәтер көлемі де екі есеге дейін артады.
Бүгін аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы жаңа 16-шы шағын ауданның құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс аумағында облыс әкіміне өңірдегі тұрғын үй саясатының іске асырылу барысы баяндалды.
Жалпы жаңа шағын ауданда 351 жеке және 82 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда 16 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр, олар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Биыл тағы 30 үйдің құрылысы басталады.
Сондай-ақ бірқатар нысан бой көтереді, оның ішінде: мектеп, балабақша, емхана, халыққа қызмет көрсету орталығы, өрт сөндіру бекеті, әкімшілік ғимарат, перинаталдық орталық, жұқпалы аурулар ауруханасы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, мәдениет үйі және басқа да нысандар бар.
Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімінде жүргізу үшін қала басшылығы мен құрылыс бөліміне бірқатар міндеттер қойып, инфрақұрылыммен қамту мәселесін бірден жүйелі түрде шешу керектігін ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
«Мен Мәдімар...»
- 13 ақпан, 2025
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді