Жаңалықтар
Су тасқыны: жамбылдық этно-мәдени бірлестіктер 57 миллионға жуық қаржылай көмек берді
- author «Ақ жол»
- 19 сәуір, 2024
- 1.7k
Су тасқыны: жамбылдық этно-мәдени бірлестіктер 57 миллионға жуық қаржылай көмек берді
Облыстық этно-мәдени бірлестіктер мен орталықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 56 688 450 теңге қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Бұл туралы бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғұлам Умаров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.
«Облыста төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке» акциясы жарияланған болатын. Оған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары, этномәдени бірлестік өкілдері, аудан және қала тұрғындары, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық білім және жастар саясаты мәселелері басқармалары мен кәсіпкерлер белсене атсалысты. Таразда 1 сәуірден бастап Достық үйінде және Давруш ата мешітінде табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмыс істеді», - деді Ғұлам Мұхтарұлы.Айта кетсек, республикамыз бойынша Жамбыл жері этностар ең көп шоғырланған аймақ. Қазіргі уақытта облысымызда 87 этнос пен этникалық топ өкілдері тұрады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




