Таразда автобустардың жүру бағыты уақытша өзгереді
Таразда жылу желісін қайта қалпына келтіру жұмыстарына байланысты автобустардың бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы мәлімдеді.
«Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов көшелерінде М-1 жылу желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізіледі. Соған сәйкес, барлық көлік қозғалысына тыйым салынатын Төле би даңғылы бойымен (Жамбыл даңғылынан Қолбасшы Қойгелді көшесі аралығы «Диагностикалық орталық аялдамасы») қатынайтын 13 қоғамдық көлік бағытының жүру сызбасына уақытша өзгерту енгізіледі. №7 маршрут – Сүлейменов көшесінен, Қолбасшы Қойгелді, Ниетқалиев көшелері арқылы әрі қарай өз бағыты бойынша қатынайды (қайтарда осы бағытпен); №8 маршрут – Қазыбек би көшесімен тікелей Жамбыл даңғылы арқылы әрі қарай өз бағыты бойынша қатынайды (қайтарда осы бағытпен); №17 маршрут – Төле би даңғылынан Қолбасшы Қойгелді көшесіне оңға бұрылып, Қазыбек би көшесі арқылы Жамбыл даңғылына әрі қарай өз бағыты бойынша (қайтарда осы бағытпен);
№9, 12, 16, 19, 28, 32, 38, 40, 46, 55 бағыттар шағын аудандарға қарай Қазыбек би көшесінен оңға Қолбасшы Қойгелді көшесіне, солға Ниетқалиев көшесімен Жамбыл даңғылы арқылы Төле би даңғылына әрі қарай өз бағыттары бойынша қатынайды (қайтарда осы бағытпен), – делінген хабарламада. Фото: gorodtaraz.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




