Тарихи нысандарға тазалық жұмыстары жалғасуда
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» атты екінші апталығы аясында облыстағы этно-мәдени және тарихи нысандардың төңірегіне, саябақ пен скверлердің аумағына тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бүгін акция аясында Меркі ауданындағы Кенесары хан ескерткішінің айналасы толық абаттандырылды. Жалпыреспубликалық акцияға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, аудан әкімінің орынбасарлары Жорабек Баубеков пен Қайрат Арғынбаев және бірқатар мекеме қызметкерлері қатысты.
Былтыр ғана қайта реконструкциядан өтіп, салтанатты түрде ашылған еңселі ескерткіш аумағы күл-қоқыстан тазартылып, түрлі тал көшеттері отырғызылды.
Айта кетейік, ауқымы кең әрі берері мол бастама «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» деп, мән-маңызына қарай бес бірдей аптаға бөлінген.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




