Жаңалықтар
Су тасқыны: Атырау мен Алматы арасында қосымша пойыз жүреді
- author «Ақ жол»
- 18 сәуір, 2024
- 860
Су тасқыны: Атырау мен Алматы арасында қосымша пойыз жүреді
Су тасқыны қаупі бар аймақтардан тұрғындарды уақтылы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық тасымалдаушы «Алматы-Атырау» және кері бағытта 1 рейске қосымша пойыз тағайындады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Rail-news.kz сайтына сілтеме жасап № 215/216 «Алматы-Атырау» пойызы мына кестемен қатынайды: — Алматыдан 19 сәуір сағат 13:40–та жөнелтіліп, Атырауға 21 сәуірде сағат 15:32–де келеді — Атыраудан 21 сәуір сағат 23:16–да жөнелтіліп, Алматыға 24 сәуірде сағат 03:50–де келеді. Купеге де, плацкарт вагондарына да билет бар.
Қабылданып жатқан шаралар 700-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қосымша пойызға билеттерді сату 17 сәуірде басталды.
Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайттан және вокзалдың билет кассаларынан сатып алуға болады.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша алуға болады.
Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




