Түркістаннан табысты оралды
Түркістан қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында дзюдодан ел тарихында тұңғыш рет Әлем чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 21 мемлекеттен 150-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан Ұлттық құрама сапында 21 спортшы ел намысын қорғаса, оның ішінде біздің облыстан дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 4 спортшы қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шеберлері, «Кашиас-ду-Сул-2022» жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері Айдос Түгелбаев, Анна Краморова, Фериде Кара оглы және ҚР спорт шебері Әйгерім Әбішова Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғады.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы медальдық есепте 5 алтын, 6 күміс және 5 қоламен екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, чемпионатта ерлер арасында командалық жарыста ұлттық құрама 1-орынға, әйелдер құрамасы 3-орынға ие болды және Қазақстан құрама командасы Ката бағдарламасында жеңімпаз атанды.
Оның ішінде жамбылдық спортшы жерлестеріміз жекелей сында 2 күміс, 1 қола медальға, командалық жарыста ерлер арасында 1 алтын және әйелдер арасында 2 қола медальға қол жеткізді. Атап айтқанда, ерлер арасында Айдос Түгелбаев 90 килограмм салмақта жекелей сында екінші орыннан, командалық жарыста бірінші орыннан көрінді. Әйелдер арасында Фериде Кара оглы 52 килограмм салмақта жекелей сында қола жүдегер атанса, Анна Краморова да 78 килограмда жекелей сынақта күміс, командалы жарыста қола жүлдеге қол жеткізді.
Әйгерім Әбішева 57 килограмда командалық жарыста үшінші орынды иеленді. Бұл спортшылардың жеке бапкері – Хайрулла Лукманов.
Жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларды салтанатты қарсы алу рәсімі Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтті. Іс-шара барысында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру және спортты дамыту бөлімінің басшысы Назарбек Ізімбетов олжалы оралған спортшыларды құттықтап, «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» басшысы Саттар Бейсембаевқа алғысын білдірді.
Сонымен қатар, жоғары жетістікке жеткен спортшыларға, Қазақстан Халық банкі акционерлік қоғамы облыстық филиалы директорының орынбасары Нуриддин Джума-Ахунов демеушілік сертификаттар табыстады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді