«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Су тасқынына бөлінген қаражат бақылауда – Антикор

Су тасқынына бөлінген қаражат бақылауда – Антикор
ашық дереккөз
Су тасқынына бөлінген қаражат бақылауда – Антикор
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Асхат Жұмағалидің төрағалығымен жыл басынан бергі атқарылған жұмыс нәтижесінің қорытындысы бойынша жедел мәжілісте талқыланды, деп хабарлайды  aqjolgazet.kz  Агенттік Төрағасы А. Жұмағали өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шараларға бөлінетін бюджетті мақсатты және тиімді бөлінуін қатаң бақылау қажеттігін баса айтты. «Орталық және өңірлік бөлімшелердің басшылары салдарларды жою кезінде бюджетті жымқыруға жол бермеуге, сондай-ақ мемлекеттік қолдау қаражатын бөлу кезінде кез келген теріс пайдалану мен айла-шарғы жасаудың жолын кесуге бағдарланған» - делінген ресми мәліметте. Айта кетейік, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен 69 талдау және мониторинг жүргізіліп, жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 565 ұсынымдар мен ұсыныстар енгізілді. Алдын алу шараларымен, оның ішінде жемқорлыққа қарсы еріктілермен 17 миллиард теңгеден астам сома қаражатты негізсіз пайдалануға жол берілмеді. Сонымен қатар жыл басынан бері 43 проблемалық кейс бойынша 5 мыңға жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 488 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді. Ал сыбайлас жемқорлық жасауда 296 адам әшкереленді, оның 59-ы әртүрлі деңгейдегі басшылар. Нәтижесінде аяқталған қылмыстық істер бойынша 188 млрд. теңгеден астам шығын өтелді.

Ұқсас жаңалықтар