Алғашқы көмек – орны бөлек
Бүгін «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде зардап шеккен адамға дәрігерлер келгенге дейін көрсетілуі тиіс алғашқы көмектің маңызды шараларын пысықтады. Бұл күні жолшылар жедел жәрдемге дейін қажетті медициналық ем шараларын жасаудың дұрыстығын қарастырды. Жалпы, кез келген алғашқы көмек жәбірленушінің қандай жарақат алуына байланысты көрсетіледі.
Өңірлік филиалдың жетекші сарапшысы Жұмахан Шәкірбаев алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде бірқатар негізгі ережелерді қатаң сақтау қажеттігін баса айтты.
- Мұндай жағдайда ең алдымен, оқиға орнын жіті тексеру қажет. Мұнан соң, зардап шегушінің жағдайын анықтап, жедел жәрдем шақырған дұрыс. Сондай-ақ, жәбірленушінің денсаулығы күрт нашарламауын назарда ұстаған жөн. Бастысы, зардап шеккен адамды сабырға шақыру аса маңызды, - дейді Ж.Шәкірбаев.
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылдан бастап не өзгереді?
- Бүгін, 01:54
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- Бүгін, 01:47
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




