Жол ережесін бұзып, желіге жариялағандар жазаланды
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері күнделікті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында көлік жүргізушілері тарапынан ұдайы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтауда, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бейнежазбалар арқылы анықталған көліктердің жүргізушілері құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ олармен профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көлік құралдары айып тұрағына қойылған.
Әлеуметтік желідегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жол ережелерін бұзу оқиғалары көбінесе 18-28 жас аралығындағы жүргізушілер тарапынан контент жинау мақсатында бейнежазбаға түсіріле отырып жасалады. Айта кетерлігі, олар өз әрекеттерімен өзге көлік жүргізушілерінің өмірі мен денсаулығына қандай қауіп тудырып отырғанын ескермейді.
Осыған орай, Жамбыл облысының Полиция департаменті Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, қызық үшін құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін ескертеді.
Фото: gorodtaraz.kz
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




