Жаңалықтар
Жамбыл облысында 8,5 шақырым жылу желісі жөндеуден өтеді
- author «Ақ жол»
- 17 сәуір, 2024
- 760
Жамбыл облысында 8,5 шақырым жылу желісі жөндеуден өтеді
Бұл туралы облыс әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Тұңғатов күні кеше өткен аппаратық кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте жылыту маусымының аяқталуы мен 2025 жылға дайындық жоспары және орындаушылық тәртіптің барысы қаралды.
Жауапты сала басшысы Дамир Сейсенбекұлының айтуынша, биылғы жылыту маусымы 15 сәуірде аяқталып, қалыпты деңгейде өткен. Тұрақтылық сақталып, ірі төтенше жағдайлар орын алған жоқ.
Өңірдегі отын-энергетика кешендерін алдағы жылыту маусымына дайындау шараларына 14,7 млрд теңге қарастырылған. Биыл 8,5 шақырым жылу желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы М-1 жылу магистралінің 4,5 шақырымы қайта жаңғыртылады және 1,8 шақырым жылу желісі күрделі жөндеуден өтеді. 2,7 шақырым жылу желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Үй жануарларын ұстауда жауапкершілік керек
- 12 ақпан, 2026
Құқықтық сауаттылық өз мүддесін қорғауға мүмкіндік береді
- 12 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




