Өңірде үш электр станциясы салынады
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Дамир Тұңғатов баяндама жасады. Бұқаралық ақпарат құралдарымен кездескен баяндамашы жаңартылған энергия көздері туралы әңгімеледі.
Облысымызда энергия көздерін дамыту бойынша біраз жұмыстар атқарылуда. Күн, жел және су арқылы электр энергиясын салуға барлық жағдай жасалған. Сондықтан осы бағытта өңіріміз көбірек инвесторлардың назарын аударады.
Жаңартылатын энергия көздерінің нысандары облыста 2010 жылдан бері дамып келеді. Атап айтсақ, қуаты 2 мегаватты құрайтын 2 желі электр кешені нысандары пайдалануға берілсе, 2015 жылы қуаты 114 мегаватты құрайтын 9, 2021 жылы қуаты 387,8 мегаватты құрайтын 17, 2022 жылы қуаты 451,3 мегаватты құрайтын 21 нысан және осы жылы қуаты 551,3 мегаватты құрайтын 22 нысан іске қосылды.
Қазіргі таңда өңірде жалпы қуаты 551,3 мегаватты құрайтын 22 нысан жұмыс істейді. Оның 6-ауы су, 10-ы жел және 6-ауы күн электр станциялары.
– Қазақстанда барлығы 2 883,5 МВт қуаттылығымен 146 жаңартылатын энергия көздері нысандары жұмыс істейді. Бұл ретте біздің облыс жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жағынан алдыңғы қатарлардың бірінде. Жоғарыда айтылғандай, желі электр кешені нысандары өңірде өте жоғары қарқында дамуда. Соңғы үш жылдың ішінде бірқатар ірі және кіші қуаттағы жобалар іске асырылды, – дейді спикер.
Сондай-ақ ол, 2021 жылы өңірдегі ірі жобалардың бірі құны 49 миллиард теңгені құрайтын қуаты 100 мегаваттық жел электр станциясы Жаңатас қаласына пайдалануға берілгеніне тоқталды.
– 2022 жылы Жамбыл ауданындағы қуаты 50 мегаваттық «AEC ASA» күн электр станциясы және Талас ауданында жалпы қуаты 13,5 мегаватты құрайтын «Шенгелді», «Шенгелді-2» және «Новатэкс ЖЭС» жел электр станциясы жобасы іске асырылды. Биыл қаңтар айында Сарысу ауданында жалпы қуаты 100 МВт-ты құрайтын «Шоқпар ЖЭС» электр станциясы жобасының құрылысы аяқталды, – дейді Дамир Сейсенбекұлы.
Облыста бұл сала бойынша үш ірі жоба қолға алынады. «Total Eren» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан қуаты 1 мегаватты құрайтын жел электр станциясы салынады.
Нұржан ӘЛІШ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді