Жаңалықтар
Талас ауданында көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
- author «Ақ жол»
- 15 сәуір, 2024
- 616
Талас ауданында көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында 80 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй қайта қалпына келтіріліп пайдалануға берілді.
Салатанатты шараға аудан әкімі қатысып, қоныс той иелерін қуанышымен құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.
"Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы қарқынды жүріп жатқанын білесіздер. Елімізде соңғы жылдары экономиканың өрлеуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы мақсатында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуының басым бағыттарының бірі ретінде тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істеуде. Осыған байланысты Қаратау қаласындағы бос қалған көпқабатты үйлерді қайтадан күрделі жөндеуден өткізіп, ел игілігі үшін пайдалануға беру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Қаламыздағы Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан бес қабатты 80 пәтерлі көпқабатты үй қайта жөндеуден өтіп, ел игілігіне ұсынылғалы отыр. Бүгін 80 отбасына жаңа пәтерлердің кілті табыс етіледі. 80 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл баршамыз үшін үлкен қуаныш. Мұндай қуанышты сәттер болашақта да жалғасын таба береді",- деді аудан басшысы.Қайда жөндеуден өткен үйдің кілттері кезекте тұрған көпбалалы жанұяларға, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




