Акция аудандарда да жалғасуда
Тараз
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық науқан бастау алған болатын. Бес кезеңнен тұратын акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» атауымен өтіп, іс-шара шеңберінде санитарлық тазалық жұмыстары – Тараз қаласында да жүргізілуде. Акцияға алғашқылардың бірі болып атсалысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков, облыстық және қалалық мекемелердің ұжымдары мен белсенді жастар Ы.Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінің аумағындағы аллеяға тал егіп, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, осы күні қаланың бірқатар көшелерінде ағымдағы жол жөндеу, арық тазалау және талдарды бұталау, Төле би, Абай даңғылдарының бойындағы шөптерді ору жұмыстары жүзеге асырылды. Бұл күні қаладағы «Мамыр» саябағында да тазалық жұмыстары жүргізіліп, шараға «Жасыл Ел- Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшы-қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен белсенді жастар қатысты. Олар саябақтағы арықтарды, жаяу жүргіншілер жолын және тоғай ішіндегі Сеңкібай каналының бойын күл-қоқыстан тазартып, тал балақтау жұмыстарын қолға алды. Сондай- ақ, сынған қоқыс жәшіктері мен орындықтар ретке келтірілді. Осы күнгі тазалық шарасына 100-ден аса адам мен 10 техника жұмылдырылды. «ТаразТрансЭнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысшы-қызметкерлері болса қа ланың Комратов көше сінің аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Экологиялық акцияға мекеменің 60 қызметкері қатысып, санитарлық тазалау, тал балақтау жұмыстарын қолға алды.Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Мойынқұм
Мойынқұм ауданы да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысуда. Республикалық акция аясында өткізілетін іс- шаралар жоспарына сәйкес, бес апталықтың алғашқы аптасында ауданда 800-ден астам тал түптері отырғызылды. Аудан орталығында өткен іс- шараға 100-ге жуық аудан тұрғындары қатысып, ауылдық округтерде акцияны қолдап барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері арық, атыздар мен каналдарда тазалау жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс- шарада Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Сәбит Төлегенов пен аудан ақсақалдары игілікті істің маңыздылығына тоқталып, жастарды ауданда жүргізілетін абаттандыру жұмыстарына белсенділік танытуға шақырды. Айта кету қажет, 8 сәуірден бастау алған бастаманың «Таза өлке» деп аталатын алғашқы апталығында ауданда қоғам қайраткерлері, ұйымдар мен мекеме қызметкерлері өз аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Ал, «Киелі мекен» атты екінші апталық тарихи-мәдени ескерткіштер аумақтарын абаттандыруға арналмақ.Нұрболат АМАНБЕК
Байзақ
«Таза Қазақстан» акциясына Байзақ ауданының жұртшылығы да өз үлестерін қосып, тазалық жұмыстарына белсене кірісті. Аудан орталығындағы Дендросаябақ аумағында өткен іс-шараға 200-ге жуық волонтер жұмылдырылды. 100-ден астам сәндік ағаштары егіліп, саябақтың іші тазартылды. Бұдан бөлек, 1 шақырымға жуық каналдар мен арықтар тазаланып, 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Ізгілік ісінде тазалық жұмыстарын жүргізу, сәндік көшеттерді отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Тұрғындар арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыруды көздеген игі бастама еліміз барлық өңірлері мен аудандарында жалғасын табады.Нұрболат АМАНБЕК
Меркі
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Жорабек Баубеков бастаған азаматтар Меркі тауларын тұрмыстық қалдықтардан тазалады. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің берген мәліметінше, табиғатты қорғау акциясы барысында тау шатқалы аумағынан 100 қаптан аса қоқыс шығарылған. Аудан басшысы тау шатқалындағы үңгір өлкеміздің табиғи ерекшелігі екенін атап өтіп, оның айналасын абаттандыру бойынша жоба дайындауды округ әкімдеріне де тапсырды. Сондай-ақ, бұл акция шеңберінде тұрғындар Жамбыл ауылдық округінің аумағында орналасқан Сыпатай батыр ескерткішінің айналасын да абаттандырды. «Осы маңға 50 түп раушан гүлі отырғызылды»,–дейді аудан әкімінің баспасөз хатшысы Қазыбек Камал.Нұржан ӘЛІШ
Сарысу
Әрбір азаматтың басты міндеті – қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, айналамызды таза ұстау. Осы орайда ұйымдастырылған экологиялық сенбілік Сарысу ауданында да жалғасын тапты. Қала тынысының кеңеюіне үлесін қосқан сенбілікке Жаңатас қаласы бойынша барлығы 392 адам қатысқан. Оның ішінде 40 мекеме және кәсіпорын өз үлесін қосты. Жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым өзіне тиесілі бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, қоршаған ортаның көркеюіне ықпал етті. Акция барысында 2,4 тонна күл-қоқыс шығарылып, 8,3 гектар аумақ пен 300 метр арыққа тазалық жұмыстары жүргізілген. Тазалық жанашырлары айналаны тазартып, қала келбетінің келісті болуы үшін тер төкті. Ортақ мекеннің мұнтаздай болуы үшін өз үлестерін қосқандар тазалықтың денсаулық кепілі екенін ескеріп, алдағы уақытта да айналаны таза ұстауға атсалыспақ.Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Жуалы
Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртазаның айтуынша, бүгінге дейін ауданда бес сенбілік ұйымдастырылып, 7515 түп тал-дарақ түбі ақталған. Бұдан бөлек, ұзындығы 84,1 километрді құрайтын канал мен арық-атыздар күл- қоқыстан тазартылған. Ал, жүзден аса көше бойы абаттандырылып, көріктендірілген. Жалпы, осы сенбіліктер аясында 150 тонна күл-қоқыс жиналып, арнайы қоқыс алаңына төгіліпті. «Таза өлке» акциясына қатысқан аудан жастары мен азаматтары халықаралық «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік транзитінің Тараз бағытындағы 557-560 километр аралығындағы тазалық жұмысына белсене қатысты. Онда Нұрлыкент, Қызыларық, Ақтөбе, Көкбастау ауылдық округінің тұрғындарымен қатар «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмыла жұмыс істеп, жол бойында құлаған бұталар мен ағаштарды жинастырған. Адам күшінен бөлек тазалық жұмыстарына 13 техника қатысқан. Жалпы, екі айлық барысында ауданда 16250 түп тал-дарақ отырғызу жоспарланған. Бір атап өтерлігі, экологиялық акция барысында аудан орталығы Б.Момышұлы ауылында да тазалық жұмыстары жүргізілген. Мәселен, Жібек жолы бойында орналасқан «Жасай бер Қазақстан!» саябағында 700 түп тал-дарақтар отырғызылса, сай-саладағы су көздерін ашып, су тасқынының алдын алу жұмыстары барысында 15 тонна күл-қоқыс шығарылған.Марат ҚҰЛИБАЕВ
Қордай
Облыс орталығынан басталып, аудандарда жалғасын тапқан игі шара Қордай ауданында 11 мамырға дейін жалғасады. Аудан орталығы Қордай ауылында бас-аяғы 114 көше болса, соның 3600 шаршы метрді құрайтын 80-нен астам ауылішілік, республикалық маңызы бар автожолдарға ағымды және шұңқырларды жамау жұмыстары басталып кетті. Айтулы шараға аудан тұрғындары белсенді атсалысуда. Аудандағы талайғы тарихтан бері татулықты ту етіп келе жатқан өзге ұлт өкілдері де коршаған ортаны қорғап, табиғатты аялау бағытындағы тағылымды істің бел ортасынан табылды. Аудандағы жолдардың сапалы әрі мерзімінде жасалуын бақылайтын арнайы жұмыс тобы бекітілген. Әр апталықта 4 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, мыңдаған жасыл-желек егу жоспарланып отыр.Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Жамбыл
Жамбыл ауданының халқы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жұрт болып жұмыла атсалысуда. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы бастаған аудан азаматтарының және зиялы қауым өкілдерінің жастармен бірге ұйымдастырған тазалық акциясы да Аса ауылының орталық алаңында кең ауқымда жүргізілді. Экологиялық акция аясында ауданның орталық алаңындағы бүкіл тал-дарақтар әктеліп, демалыс орындарындағы орындықтар, саябақтар мен алаңшалардағы ойын детальдары жаңартылып сырлануда және сәндік ағаштар отырғызылуда. Жамбыл ауданы аумағында биыл 5000 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Күні бүгінге дейін жалпы саны 3257 түп ағашы егілді. Оның ішінде 350 түп арша, 350 түп туя, 1800 түп қарағаш, 227 түп қораз талдар бар. Аудан орталығындағы мекемелердің ғимараттары айналасында да барлық еңбеккерлер тазалық және көріктендіру- көгеріштендіру шаруаларын жүргізді. Аудан ардагерлері мен жастары орталық Абай көшесінің бойын ретке келтіріп, қапталындағы арықтарды тазалады. Сонымен қатар, аталған акция аясында ұрпақтар сабақтастығын жалғауды мұрат тұтқан Жамбыл ауданының ардагерлері жас өрендерді еңбекке баули отырып, аудандағы жиырма қарттың аулаларындағы көктемгі егін жұмыстарына қол ұшын берді. Жастар аулалардың ішіне 50 түп жеміс және 50 сәндік ағаш көшеттерін отырғызып берді. Сонау ата-бабадан жеткен еңбек дәстүрін осылай дәріптеген алдыңғы толқын аға буын мен кейінгі ұрпақтың сабақтастығы паш етілген ізгілік пен қайырымдылықтың сауапты жолы барлық елді мекендерде де көрініс тапқанын айта кетуіміз керек. Өйткені, жалпыхалықтық экологиялық акция Жамбыл ауданындағы барлық 42 елді мекенде бұдан әрі де жалғасын таба береді.Үміт БИТЕНОВА
Шу
Республика көлемінде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шырайлы Шу өлкесінде де жалғасын тапты. Акцияның алғашқы күні Шу ауданының орталығындағы Теміржолшылар саябағында өтті. Науқан аясында аудандағы екі қоқыс полигоны ке зең-ке зеңімен т аза ланып, бұл жұмыстарға 2 техника жұмылдырылған. Ал, жалпы осы науқанға ауданнан алты бірдей трактор қоқыс шығаруға бөлінген. Акция аясында аудан орталығына 150 тал көшеттері отырғызылған. Оларға уақытылы күтім жасалып, суғарылып тұрады. Одан бөлек, алдағы уақытта 1500 саялы ағаш егу жоспарланып отыр. Республикалық науқанда аудандық жаст ар ре сурстық орт алығының мамандары, үкіметтік емес ұйымдары мен түрлі мекеменің ұжымдары қатысып, белсенділік танытуда. Тұрғындар мамыр айының соңына дейін жалғасатын экологиялық науқанда ауданға дәл осылай қызмет етуге әзірліктерін көрсетті.Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Т.Рысқұлов
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Т.Рысқұлов ауданында да жалғасуда. Бес аптаға созылатын науқан әр аптада белгілі бір тақырыппен ұйымдастырылып, соған сай істер атқарылатын болады. Акцияның алғашқы аптасы бұл ауданда «Таза өлке» айдарымен басталып, көшелерде жиналып қалған күл-қоқыстар шығарылды. Аудан әкімі Ернар Есіркепов бастаған әкімдік аппараты да сенбілікте белсенділік көрсетіп, тұрғындармен бірге кетпен ұстап, қоқыс шығарды. Сенбілікте тазалық жұмыстарына атсалыса жүріп, аудан әкімі тұрғындарға бұл науқанның мәнін түсіндіріп, әркім қоршаған ортаға, табиғатқа өз үйіндей қарауы керек екенін жеткізді. – Пре зидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Таза Қазақстан» акциясы 11 сәуір мен 11 мамыр аралығында өткізіледі. Бұған тек науқан деп қарамай, әр азамат «Өз үйімді тазалап, өз отбасымның игілігін қамтамасыз етемін» деген жауаптылықпен үлес қосуы керек деп ойлаймын. Себебі, табиғат, Отан әрбіріміздің өз үйіміз. Бұл акция «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» деген бағдарламалармен жүзеге асырылады. Мұндағы бастапқы мақсат – халықты ортақ іске жұмылдыра отырып, бірлікті бекемдей түсу. Содан соң өз өлкеміздің тазалығын сақтап, жас ұрпаққа Табиғат-Ана, Отан алдындағы перзенттік жауапкершлігін ұғындыру. Акцияның алғашқы аптасына ауданымыздың тұрғындары белсене қатысты, рахмет айтамыз. Осылай ұйымшыл ісіміз жалғаса береді, – дейді Ернар Серікәліұлы.Қамар ҚАРАСАЕВА
Талас
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Талас ауданында да ауқымды жұмыс атқарылуда. Акция барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға 500-ге жуық мекеме, ауданның Құрметті азаматтары, еріктілер, қоғам белсенділері, сондай- ақ, қала тұрғындары мен «Жасыл ел» жасағы белсене кірісті. Аталған іс- шара барысында көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары тазартылып, көше бойындағы арық-атыздардан шыққан 13 тоннаға жуық күл-қоқыстар 7 техниканың көмегімен арнайы полигонға шығарылды. Сонымен қатар, қала ішіндегі 27 аялдама, 236 жол белгілері мен 360-қа жуық бағаналар ретке келтірілді. – Ақан сері көшесінде тұрамын. Аталған акция аясында көшеміз біраз ретке келіп, айналамыз тазарып жатыр. Айналаны таза ұстау, айтылған пайдалы шешімдерді тыңдап, тәртіпке бағыну – жақсы қасиет. Жылы шуағы бар көктеммен бірге тазалыққа да мән беріліп жатқанына өте қуаныштымыз. Өзім де бұл іс-шараға белсене қатыстым. Себебі, тазалық өзіміз үшін қажет, – дейді қала тұрғыны Әрімбек Бектасов. Қазір шаһардың атқамінерлері де қолына күрек ұстап, көпшіліктің арасында жүр. Тазалық акциясына қатысты жұмыстар барлық ауылдық округтерде және мекеме, ұйымдарда да басталып кетті.Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді